2024 жылғы қабылдау ережелерінен үзінді
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына сәйкес оқуға қабылдау әрбір мамандық үшін аттестаттың бейіндік пәндерінің орташа балы бойынша жүзеге асырылады.
Құжаттарды келесі портал арқылы беруге болады:
Колледж порталы Алматы қаласы Білім басқармасы gz.bilimalmaty.kz
Құжаттар тізімі:
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (қосымшасы бар аттестат);
- № 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
- Баланың денсаулық паспорты, Егу картасы
- Өлшемі 3х4 см, 4 дана фотосурет;
- Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (көшірмесі);
- Квота бойынша құжаттар (бар болса).
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:
- шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
- азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
- босқын-босқын куәлігі;
- пана іздеген адам-пана іздеген адамның куәлігі;
- қандас-қандас куәлігі.
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша колледжге оқуға қабылдау конкурстық негізде адамдардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына Күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 18 тамызына дейін негізгі орта білім беру базасында (9-сынып базасында)
Күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 тамызына дейін жалпы орта базада (11-сынып базасында) колледжде оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау жүзеге асырылады
Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі
Мамандық коды |
Мамандықтың атаулары |
Бейіндік пәннің атауы |
|
Негізгі орта білім (негізгі жалпы) |
Орта білім (жалпы орта) |
||
04210100 |
Құқықтану |
Құқық негізі |
Құқық негізі |
Әдебиет |
Әдебиет |
||
10130100 |
Қонақ үй бизнесі |
география |
география |
Шетел тілі |
Шетел тілі |
||
04140100 |
Маркетинг (салалар бойынша) |
Алгебра |
Алгебра |
Химия |
Химия |
||
04130100 |
Менеджмент (салалар бойынша және қолдану салаларына) |
Алгебра |
Алгебра |
Информатика |
Информатика |
||
02310100 |
Аударма ісі (түрлері бойынша) |
Шетел тілі |
Шетел тілі |
Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) |
Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) |