Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы 

gerb-scaled.jpg

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы  дөңгелек нысанды. Бұл — Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі — көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.

Жоғарғы бөлігінде — көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс — алтынның түсі. Бұл — байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы.

Байланыс

Қазақстан республикасы , Алматы қаласы
Бөгенбай батыр көшесі 156/1
 
Маркетинг бөлімі
+7 (727) 341 03 28
+7 (775) 373 70 85
 
Қабылдау бөлімі +7 (727) 341 03 26
college@adilet.edu.kz
ҚАБЫЛДАУ