Рухани жаңғыру

rukhani

Жаңа гуманитарлық білім.

"Рухани жаңғыру"мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген басылымдар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында біздің қоғамға тек инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заман мен болашақты жақсы түсінетін гуманитарлық бейіндегі адамдар да қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы студенттердің тарих және саясаттану, әлеуметтану және философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ филология ғылымдары саласындағы уақыт талаптарына сәйкес білім алуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды тапсырды. Осы тапсырманы іске асыру үшін "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық". Осы жоба аясында алдағы бірнеше жылда барлық гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің оқулықтары қазақ тіліне аударылады, біздің студенттер білім алуға мүмкіндік алады

«Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке»

Аронсон, Эллиот. Көпке ұмтылған жалғыз [Мәтін] = The Social Animal : әлеуметтік психологияға кіріспе : [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т. б.]. — 11-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. — 407, [2] б.
Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, салыстырмалы түрде, ғылыммның жас саласы деп есептегенмен, оның алғы шарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы адам психолгиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.

Читать

Кови, Стивен Р. Жасампаз жандардың 7 дағдысы: тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері[Мәтін] : монография / С. Р. Кови ; жоба жетекшісі Р. Кенжеханұлы ; ауд. Ғ. Төлеғұл [және т.б.] ; жауапты ред. Ә. Жапақ. — Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. — 350, [2] б.
Автор жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін 7 дағдыны атап көрсетіп, әрқайсысын жеке-жеке талдайды. Алғашқы үш дағды адамның өзін-өзі басқару – толық тәуелсіздікке жету жолдары, келесі үш дағды – айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынас, соңғы жетінші дағды – адамның өзін және өзгелермен қарым-қатынасын басқара білу қабілетін үздіксіз жетілдіріп отыру тақырыбын қамтиды. Жетістікке жетудің жолы мен өмірлік маңызды негізгі принциптерді атап көрсетіп, кез келген жағдайда дұрыс әрі нақты шешім қабылдаудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі

Читать

Тіл – инстинкт = The Language Instinct [Мәтін] : тіл мен сана туралы жаңа ғылым / С. Пинкер ; [ауд.: Ш. Құрманбайұлы, С. Абдрасилов, С. Иманбердиева ; жауапты шығ. С. Үркінбаев]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 383, [2] б.
Бұл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды.

Читать

Уоллейс, Патрисия. Интернет психологиясы = The Psychology of the Internet [Мәтін] : оқулық / П. Уоллейс ; [ауд., жауапты шығ. Е. Жеңісұлы]. — 2-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 355 б.
Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді.

Читать

Шульц, Дуэйн. Қазіргі психология тарихы [Мәтін] = A History оf Modern Psychology : [монография] / Д. Шульц, С. Э. Шульц ; ауд. Б. Қ. Ақын [және т.б.]. — 11-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 447, [1] б. : сур.
«Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «Өзі оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген түпнұсқа дәрістер – ізденушілер үшін таптырмас дүние.

Читать

Байланыс

Қазақстан республикасы , Алматы қаласы
Бөгенбай батыр көшесі 156/1
 
Маркетинг бөлімі
+7 (727) 341 03 28
+7 (775) 373 70 85
 
Қабылдау бөлімі +7 (727) 341 03 26
college@adilet.edu.kz
ҚАБЫЛДАУ