WorldSkills Kazakhstan

WorldSkills Kazakhstan қозғалысының тарихы

77780

Қазақстан 2014 жылы WorldSkills қауымдастығына мүше болды және түрлі іс-шараларда белсенді дамыды.

WorldSkills Kazakhstan миссиясы кәсіптік бағдарлау, кадрлар даярлау, сараптамалық қоғамдастықтарды қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық кәсіптер бойынша өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын кадрлармен қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастыру болып табылады.

Жыл сайын жастар арасындағы чемпионаттың танымалдығы артып келеді. Чемпионаттың басты мақсаты жұмысшы және техникалық мамандықтардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім беру саласына назар аудару болып табылады. Бұдан басқа, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және WorldSkills ұлттық чемпионатына қатысу үшін өңірлік команданы айқындау маңызды аспект болып табылады.

WorldSkills әдістемесі әлемдік ауқымдағы жетекші тәжірибелердің бірі болып табылады. Ол чемпионатқа қатысушыларға өздерінің кәсіби дағдылары мен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Байқауға қойылатын талаптар жыл сайын жаңартылып, қатал бола түсуде.

2016 жылдан бастап біздің колледждің студенттері жыл сайын «Worldskills Қазақстан» чемпионатына қатысады

WorldSkills қозғалысының дамуымен бірге колледжде оқытушылар қатарынан сарапшылар қауымдастығы да (7 адам) дамып келеді және сарапшылардың бірі «Отель-ресепшионист» құзыреті бойынша «Халықаралық сарапшы» мәртебесін алды.

WorldSkills стандарттары құзыреттіліктің тиісті салаларындағы негізгі мамандардың біліктері мен дағдыларының, оларды қолданудың пайыздық арақатынасының және бағалау үшін маңыздылығының тізбесін қамтиды. Колледждің бұл стандарттары оқу бағдарламаларын әзірлеу, практикалық дағдыларды пысықтау, студенттерді оқыту нәтижелерін бақылау және WorldSkills Қазақстан өңірлік, ұлттық чемпионаттарына, сондай-ақ WorldSkills және EuroSkills сияқты халықаралық жарыстарға дайындық кезінде сақталады.

 

БІЗДІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЫЗ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Image

Чарлин Владимир

«WorldskillsAlmaty- 2018» өңірлік чемпионаты, «Web дизайн» құзыреті - 1 орын

WorldSkills Astana-2019 Халықаралық Чемпионаты, «Web-дизайн және әзірлеу» құзыреті - Республика бойынша 17 дәрежеден 5 орын

Image

Даулетбаев Адильбек

Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша «WorldSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша «JasSkills-2020» аудандық кәсіби шеберлік чемпионаты, «Графикалық дизайн» құзыреті - 3 орын

Image

Алигулова Амина

"Worldskills" өңірлік чемпионаты, Almaty-2021 Отель-ресепшионист "құзыреті - 3 орын

Image

Камибаева Ромина

«WorldSkills Almaty- 2021» өңірлік чемпионаты, «Графикалық дизайн» құзыреті - 2 орын

Image

Жанибеков Мирас

«WorldSkills Almaty- 2022» өңірлік чемпионаты, «ІТ-бизнес үшін шешімдер» құзыреті - 1 орын

Image

Жакшылыкова Сезім

«WorldSkills Almaty- 2022» өңірлік чемпионаты, «Отель-ресепшионист» құзыреті - 1 орын

Image

Бостанбаева Мадина

«WorldSkills Almaty-2023» аймақтық чемпионаты, «Графикалық дизайн» құзыреті – 3 орын

Image

Сағындық Жанель

«WorldSkills Jetisu-2023» аймақтық чемпионаты, «Отель қабылдаушы» құзыреті – 1 орын

Image

Эсебуа Георгий

WorldSkills Almaty 2024 аймақтық чемпионаты -2 орын

Image

Эсебуа Георгий

«WorldSkills Jetisu-2024» аймақтық чемпионаты, «Отель қабылдаушы» құзыреті – 2 орын

Image
Image
Image
Image

Байланыс

Қазақстан республикасы , Алматы қаласы
Бөгенбай батыр көшесі 156/1
 
Маркетинг бөлімі
+7 (727) 341 03 28
+7 (775) 373 70 85
 
Қабылдау бөлімі +7 (727) 341 03 26
college@adilet.edu.kz
ҚАБЫЛДАУ