Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.

Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

Мәтін

Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

ӘНҰРАН МӘТІНІ

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Байланыс

Қазақстан республикасы , Алматы қаласы
Бөгенбай батыр көшесі 156/1
 
Маркетинг бөлімі
+7 (727) 341 03 28
+7 (775) 373 70 85
 
Қабылдау бөлімі +7 (727) 341 03 26
college@adilet.edu.kz
ҚАБЫЛДАУ