2025 жылғы 24 қазанда "Әділет" колледжінде Тәуелсіздік, Бірлік және бейбітшілік символы — Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
"Мәңгілік Ел-Тәуелсіздік Қазақстан!"құттықтаулар, студенттердің патриоттық қойылымдары, Мемлекеттік рәміздер туралы викторина және тақырыптық бейне презентация көрсетілді.
Студенттер Отанға деген сүйіспеншілігін, тарихқа деген құрметін және елдің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін көрсете отырып, іс-шараға ынтамен қатысты.
Мұндай кездесулер жастардың белсенді азаматтық ұстанымы мен патриоттық рухын тәрбиелеуге ықпал етеді.
"Әділет" колледжі-патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке негізделген!
