Жаңалықтар

Біз ұстаздарымызды мақтан тұтамыз!

Біз ұстаздарымызды мақтан тұтамыз!

Бүгін, 2025 жылғы 26 наурызда Алматы қаласының инновациялық шығармашылық орталығының базасында ТжКБ жүйесінің республикалық деңгейдегі үздік педагогтары мен байқау жеңімпаздарын құрметтеу рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге "Әділет" колледжінің жетекші ұстаздарыТілеуова Бақытгүл мен Төлеген Ақерке де шақырылды.

Тлеуова Бақытгүл 2022 жылы Ақтау қаласында өткен "қонақүйді әкімшілендіру" құзыреттілігі бойынша сервис және қызмет көрсету саласындағы ТжКБ педагогтары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауында 1-орынды иеленді.

Төлеген Ақерке World SKILLS Lyon 2024 Халықаралық чемпионатында үздік медальонын жеңіп алған Сағындық Жанель атты студентті дайындады,
сондай-ақ, Ақерке Т.биылғы жылы қалалық кәсіби шеберлік байқауында 1-орынға ие болды.

news270325_1.jpeg

news270325_2.jpeg

news270325_3.jpeg

Байланыс

Қазақстан республикасы , Алматы қаласы
Бөгенбай батыр көшесі 156/1
 
Маркетинг бөлімі
+7 (727) 341 03 28
+7 (775) 373 70 85
 
Қабылдау бөлімі +7 (727) 341 03 26
college@adilet.edu.kz
ҚАБЫЛДАУ