Новости

Антикоррупция

Антикоррупция

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінен келіп түскен хат негізінде, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстанның әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шараларының орындалуына сәйкес 2019 жылы 15 наурыз сағат 11-00 де «Әділет» колледжінде «Алматы-адалдық алаңы» жобасының орындалу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» тақырыбында біріңғай сағат өткізілді. 

Біріңғай сағат әр топта өткізілді, топ жетекшілері сабақ барысында сыбайлас жемқорлықты азайту мен мемлекеттік органдарға елдің сенімін арттыруға, білім саласындағы өзекті мәселелер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оны жоюдың тетіктерін іске асырутуралы, оқу гранттары мен бөлінген бюджеттерді игеру, сондай-ақ, білім саласында «Академиялық адалдық» қағидатын қалыптастыру, қамқоршылық кеңестер құрылып, оған үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар кеңесін кеңінен тартуға бағытталған жоба екендігі туралы, мұғалімдердің санаттары мен сағаттарын бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мәселелері қарастырылды және толық ақпараттар берiлдi.

IMG 0118 1024x683

IMG 0089 1024x683

IMG 0116 1024x683

IMG 0117 1024x683

Контакты

Республика Казахстан, г. Алматы,
ул. Бөгенбай батыра 156/1
 
Отдел маркетинга
+7 (727) 341 03 28
+7 (775) 373 70 85
 
ПОСТУПИТЬ