Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 18 қазандағы
№ 578 бұйрығына
қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бастауыш («Хореография өнері» мамандығы (біліктілігі «Балет әртісі») бойынша кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.
3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.
4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
4-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда түсу емтихандары жүргізілмейді.
5-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізеді.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі
5. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.
Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
6. «Білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.
7. Білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.Тұлғаларды орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына білім алушылар құрамына оқуға қабылдау тұлғалардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
8. Тұлғалардың білім беру ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:
1) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес стандартта келтірілген.
«Хореография өнері» мамандығына оқуға түсуші тұлғалар білім беру ұйымында қосымша медициналық комиссиядан өтеді.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.
9-1 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
9-2. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жолдайды.
9-3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
9-4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
10. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
11. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудитория ұсыну;
2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін түсу емтихандары:
орта буын мамандарын даярлау үшін және:
1) бастауыш білімі барлар үшін («Хореография өнері» мамандығы («Балет әртісі» біліктілігі) бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) – бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі) және шығармашылық емтихандар бойынша;
2) негізгі орта (негізгі жалпы) білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі;
орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау үшін және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) бойынша;
2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандықтың бейінді пәні бойынша өткізіледі.
Конкурс білім беру ұйымдары өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.
Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.
Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.
Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.
12-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан бастап білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бойынша бағалардың немесе шығармашылық конкурстың және/немесе басқа да арнайы конкурстардың нәтижелері бойынша бағалардың жиынтық балын көрсете отырып, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген талапкерлер мен тұлғалардың тізімдік құрамын білім беру ұйымының сайтында қалыптастырады және оның күн сайын жаңартылуын қамтамасыз етеді.
Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.
Бағалардың жиынтық балы:
негізгі орта білімі бар (9-сынып) оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстар бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);
жалпы орта білімі бар (11-сынып) түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);
мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары бойынша (педагогикалық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша) қалыптасады.
Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білім туралы құжаттың (диплом) орташа балы.
Басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған жағдайда міндетті және бейінді пәндер тізбесін білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.
Мамандық бейініне сәйкес келмейтін медициналық мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – мамандық бейіні бойынша екі пән және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып эссе жазу түріндегі арнайы конкурс.
Мамандық бейініне сәйкес келетін медициналық мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып эссе жазу түрінде арнайы конкурс белгіленеді. Эссе жазуға және бағалау өлшемшарттарына қойылатын талаптарды білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары айқындайды.
Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша шығармашылық конкурс күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тікелей білім беру ұйымдарында өткізіледі.
Медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар психометриялық тестілеудің қорытындысы бойынша конкурсқа жіберіледі, оны өткізу нысанын білім беру ұйымдары айқындайды.
Ағылшын тілінде оқытатын медициналық және фармацевтикалық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілін білудің базалық деңгейін бағалау (тестілеу әдісімен) қосымша енгізіледі.
Медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар арасында конкурсты өткізу үшін білім туралы құжатқа немесе арнайы конкурстардың нәтижелері бойынша бағаларына сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының негізінде орташа балл шығарылады.
Оқуға түсушілердің жиынтық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың санаты ескеріледі, сондай-ақ шығармашылық және арнайы конкурстардың нәтижелері ескеріледі.
Оқуға түсушілердің саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен жағдайда білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бойынша бағалардың жиынтық балы негізінде жүзеге асырылады.
Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген.
Оқуға түсушінің қабылдау квотасы көзделген тұлғаларға тиесілілігін растайтын құжаттар білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау жөніндегі қорытынды отырысқа дейін ұсынылады.
13. Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары – күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйегі аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар – күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: «3» – 8 балға, «4» – 17 балға, «5» – 25 балға алмастырады.
14. Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
15. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
16. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.
16-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.
17. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандар тапсырады.
17-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда өнер және мәдениет мамандықтарына түсушілер үшін шығармашылық конкурс күнтізбелік жылдың 21-28 шілде аралығында өткізіледі, олардың мазмұны мен бағалау өлшемшарттарына қойылатын талаптарды білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары айқындайды.
18. Педагогикалық мамандықтар, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары өткізетін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсырады.
18-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда білім беру ұйымдарына педагогикалық мамандықтар бойынша, арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша оқуға түсетін тұлғалар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық және басқа да арнайы конкурстар өтеді.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсуші тұлғалар спорттық жетістіктері бар портфолио тапсырады.
19. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша арнайы емтиханды өткізу нысанын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
20. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оны оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей жеткізіледі.
21. Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.
22. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
23. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.
Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
23-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда шығармашылық және арнайы конкурстардың қорытындылары білім беру ұйымының қабылдау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
24. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
25. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге білім беру ұйымына ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.
26. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
26-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда апелляциялық комиссия шығармашылық және арнайы конкурстардың жиынтық балы және/немесе қорытындылары бойынша конкурстың нәтижелерін қарайды.
27. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
27-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда конкурс нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға өтініш береді.
28. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
29. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
30. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
30-1. Оқуға түсушілердің саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен жағдайда білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бағалардың жиынтық балы негізінде жүзеге асырылады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17800 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
31. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
32. Қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиялары орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына түсушілердің назарына – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша – күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына – күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стендтерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.