“Жаңартылған Қазақстан экономикасына менің кәсіптік үлесім” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы
24 ақпаннан бастап 17 наурызға дейін Халықаралық сервис және менеджмент колледжінде Алматы қаласының колледж студенттері арасындағы “Жаңартылған Қазақстан экономикасына менің кәсіптік үлесім” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конференцияда біздің студенттеріміз қатысып жүлделі орын алды.
Студенттер мен жетекшілері Алматы қаласы білім басқармасы, Салалық қауымдастықтар мен кәсіби білім беретін ұйымдар одағы заңды тұлғалар бірлестігі және Алмалы ауданы Әкімінің аппаратынан мадақтамалармен мараппаталды.
Жангазина Аяулым – «Менеджмент» бағыты бойынша Гран при иегері, жетекшісі – Доланбаева Найла Сейсеновна.
Мусаева Амина және Алимжан Фадэля – «Маркетинг» бағыты бойынша 3 орын иегерлері, жетекшісі – Шлымова Сауле Муратовна.
Абелкан Дамира – «Менеджмент» бағыты бойынша 3 орын иегері, жетекшісі – Кабаева Ляйлим Кенжебековна.
Студенттер мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа табыс пен жеңістер тілейміз!