0515000 Менеджмент (оқыту тілі – Қазақ тілі) мамандығы бойынша босаған грантқа байланысты “Студенттерді білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау ережесі” 20.01.2015 ж. №19 бұйрығына сәйкес алқалы орган мәжілісі өтті. Оның барысында 1 курс студенті Мұратжан Арайлымды коммерциялық бөлімшеден мемлекеттік білім грантына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Арайлымды құттықтаймыз және оқуда табыс, сондай-ақ жаңа биіктерді бағындыруда табыс тілейміз!
Босаған грантқа ауысу мүмкіндігі әркімде бар, ең бастысы үлгерімі жақсы және белсенді студенттік өмір сүру. Сондықтан тырысыңыз, бәрі сіздің қолыңызда !