«Мемлекеттік тілім- менің мерейім» атты тілдер күніне арналған мерекелік іс-шарамызда, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, халықаралық Жазушылар мен Публицистер Ассоциациясының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының Сұмағұл Садуақасов және атындағы сыйлығының және Мұқағали Мақатаев жазушылар одағы сыйлығының иегері және
жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты, «Дарын» мемлекеттік
сыйлығының лауреаты ақын Жақып Бауыржан Өміржанұлымен кездесу кеші өтті.
«Мемлекеттік тілім- менің мерейім» атты кездесу кешінде студенттер
ақын ағамызға көптеген әртүрлі сұрақтар қойды. Сол жас буындардың жүректерінен шыққан сауалдарына, Бауыржан ағамыз шынайы жауап берді. Сонымен қатар «Әділет» колледжінің жыр сүйер студенттері ақын ағамыздың өлеңдерін оқып беріп, «Ақынның-ақындығы,өлеңде» деп Бауыржан аға өз жырларын оқып жас ұрпақпен бөлісті.
тудент қауыммен еркін, ашық-жарқын әңгімелесіп қат-қабат
қиындықтармен қоян-қолтық араласа жүріп, еңбектенген жылдарын еске алып, көз алдында көркейген Қазақстан елнің бүгінгі тыныс-тіршілігіне ризашылығын білдірді.
Шараға қатысқан колледж студенттері Бауыржан ағаға алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі. Соңынан студенттер өз өлеңдерін оқыды.
Қорытындылап келгенде, ақынмен кездесу тартымды
өтіп, қатысқан ұстаздарға, студенттерге шынайы әсер қалдырды.
Қазақ тілі әдебиет пәнінің оқытушысы: Рымбеков Ерлан Қайырұлы