22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесі
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі де, құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай колледжімізде 1 курс студенттері арасында «Тіл – жан айнасы» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында студенттер үш тілдегі білімдерін ортаға салып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жас қаламгерлер арасында «Жыр қанатын қаққанда..» атты жыр кеші болып өтті. Жыр кешінде студенттер ана тілге деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, әр студент өздерінің авторлық өлеңі мен көптеген ақындарымымыздың шығармаларын жатқа айтып, жырдан шашу шашты.