Қош келдіңіздер!
Колледж – техникалық және кәсіби білім беру мамандарын даярлайтын бөлімше.
«Әділет» колледжі Алматы қаласының алғашқы оқу орындарының бірі болып табылады. «Әділет» колледжі – Каспий қоғамдық университеті ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде 1997 жылы негізі қаланған.
Колледжіміз Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік аттестациялауынан әрдайым (әр 5 жылда) сәтті тапсырады және бүгінгі таңда мемлекеттік үлгідегі диплом беру құқығы бар № KZ58LAA00018945 бас лицензияға ие.
Колледж мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның талаптарына бағытталған даму жүйесі болып табылады. Бұл колледждің білім беру сапасын үнемі жетілдіріп, еңбек нарығының талаптарына бағытталған негізгі даму тенденциясын анықтайды.
Колледж үшін сапаны жетілдіру – бұл дамудың синонимі, жаңарта дамыту дегенді білдіреді.
Біздің колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруда, және біздің өңірдің тұрғындарының білім саласы мамандарын дайындау сұранысын қамту мақсатында құрылды. Колледж қызметінің негізіне – актуалдылық, динамикалық, жаңашылдық, бәсекеге қабілеттілік, даму принциптері қойылды.
Колледжде осы жылға дейін –құқықтану – қаржы (салалары бойынша), есеп және аудит, экономика (салалары бойынша), менеджмет, маркетинг, қонақ үй шаруашылығына көмек көрсету және ұйымдастыру, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, туризм мамандары дайындалуда.
Колледждің басты мақсаты Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ білікті мамандарды дайындау. Елдегі алдыңғы қатарлы университет құрамындағы біздің құрылымдық бөлімше көп деңгейлі жоғары оқу орнына дейінгі білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамытуда жетекші рөл атқарады. Колледждің оқу үдерісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инновацияларға сай оқыту әдістері пайдаланылады. Оқыту үдерісінде осындай әдістерді пайдалану мамандарды даярлау сапасын арттыруға, жалпы кәсіби және пәндік-әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыруға, өзіндік жұмыстың рөлін нығайтуға, білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылауды оңтайландыруға бағытталған.
Біздің колледждің миссиясы: жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттері бар құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Колледжді бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, түлектер ары қарай білімдерін Каспий қоғамдық университетінде сол мамандық бойынша қысқартылған оқу мерзімімен жалғастыра алады.
Колледж 9 және 11-сынып негізінде келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:
-құқықтану
-қонақ үй шаруашылығы
-маркетинг
-менеджмент
-есеп және аудит
-есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.
Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
2008-2009 оқу жылының қыркүйек айынан бастап колледждің директоры қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мирманова Алия Мукановна атқарып келеді.